АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ал керек болса, Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов ажырасыпты (фото)[:]

[:kz]

Иә, мұндай да болады. Осыдан біраз бұрын елдің талқысына қалып, соған қарамай шаңырақ көтерген Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет екі жаққа кетісіпті. Бұл туралы Ақботаның өзі инстаграмдағы парақшасында, тікелей эфирде айтып салған.

 

Оқырмандарының сауалына жауап берген Ақбота: «Дәуренді бұрынғы отбасына өзім жібердім» деп бір қойып қалса, Дәуренге қатысты тағы бір сауалға: «“Гламур для дур” фильмі сәбиімнің көрер жарығы болған шығар және Дәуреннің ісіне араласпаймын, өзі білсін” деп жауапты қатыпты.

Бірақ, Дәуреннің отбасы бар еді. Ол үш баланың әкесі. Соған қарамай ол Ақбота үшін отбасынан кетіп тынады. Ал Дәуреннің бұрынғы әйелі Баян Әкімжанова күйеуін «Кешьюдің» әншісіне бере салмайтынын айтып, әрі Ақботаның Дәуренді тартып алғанын желіге жайып салған тұғын.

 

Желідегі жұрт та Ақботаға қарата: «Біреудің отбасын бұзып, үш баласын жалғыз қалдырып бақытты боламын деп ойлама!» деген сыңайда пікір қалдырған.

Шыны керек, елдің сөзі шындыққа айналған сияқты. Жыл өтпей жатып Дәурен мен Ақбота ажырасып тынды. Ал Дәурен қайтер екен? Ол бұрынғы отбасына қайтып орала ма?

 

kaz.365info.kz 

Толығырақ: http://alashainasy.kz/

[:]