АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ал сіз білесіз бе?[:]

[:kz]

 

 

 

Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды.

Қан алдыру немесе сүлік салдыру да оразаны бұзбайды.

Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.

Көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.

Мисуак оразаны бұзбайды, өйткені ол – сүн­нет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ тіс пастасы ішке кетіп қалмауы тиіс.

Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.

Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау керек.

Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.

Түкірік немесе мұрынды тарту оразаны бұзбайды.

Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішке тартса, ораза бұзылады.

Еріксіз құсу оразаға кедергі жасамайды.

Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.

Емдік мақсатта дәрі ішсе, ораза бұзылады. Қазасын өтеу керек.

Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау – мәкрүһ, яғни ұнамсыз нәрсе болып табылады. Себебі ол оразаның бұзылуына себеп. Бірақ  көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. Дәмін татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт.

Аузы берік кісіге сулы мисуакты пайдалану – мәкрүһ.

Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану – мәкрүһ.

 

Рамазан – сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай.

zamana.kz

 

 

[:]