АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алагөзова: Кәмшатқа киноға көп түсе бермеуге кеңес берер едім, ол адамды жалықтырады[:]

[:kz]

Баян Алагөзова «КешYou» тобының бұрын мүшелері мен қазіргі әншілері туралы айтты. Продюсердің қазіргі құрамға да көңілі толатынға ұқсайды. 

Бұл туралы продюсер Caravan.kz басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің қарамағымда болған қыздардың бәрі дерлік өнерде жүр. Әншілігімен не актерлік шеберлігімен көзге түсті. Олардың ішінд Кәмшатқа көп киноға түсе берме дер едім. Себебі халықты жалықтырып алуы мүмкін. Керісінше Жанардың кинолардан көрінгенін қалаймын. Ол нағыз кәсіби актриса. Оған шақырту болмай жатыр ма, әлде өзі ұсынысты қабылдамай ма, ол жағын білмеймін», — дейді Баян. 

Алагөзованың айтуынша, қазіргі топ құрамының қыздары шетінен хас сұлу, әрі даусы керемет әншілер.

«Қазіргі қыздарға көңілім толады. Бұрын екеуі сұлу болып, бірінің даусы болса, қазір үшеуі де сұлу. Үшеуінің де даусы жақсы. Алайда киноға түсіруге қорқамын. Бұрын қыздарды киноға түсірген соң, мегажұлдызға айналып, кейін түрлі жағдайлар болып жатты», — дейді продюсер. 

Stan.kz 

[:]