АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алақанында ерекше қуат бар екен[:]

[:kz]

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында Сайлаукүл есімді ерекше қабілетке ие әйел тұрады. 

Оны жергілікті тұрғындар «Емші», «Дем салушы» деп атап кеткен. Тіпті кейбіреулер ол кісіні талай адамды ажал аузынан алып қалған деп те жатады. Біз ол туралы аталған ауданның Бадам ауылына барғанда кездейсоқ естіп-білдік.

«Мен комаға түсіп қалғанда дәрі­гер­лер енді аман қалуы екіталай деп мәйіт­ханаға жіберуге әзірленген екен. Жасым келіп қалғандықтан ота жасауға да қорықса керек. Бірақ күйеуім біреу­лерден естіп, Шұбарсу ауы­лындағы Сайлаукүлге барған. Дәрі­герлер күйеуімнің соңғы өтінішім деген сөзін қия алмай, емшіні жансақтау бөлі­міне кіргізеді. Әуелі Алла, екінші осы Сайлаукүлдің емі арқылы мен дү­ниеге қайта келдім. Біреу сенер, біреу сенбес, емші дем салып, ем жасаған келесі күні мен тілге келіп, көзімді ашыппын. Ал үшінші күні ау­руханадан шықтым. Қазір бірнеше айдан­ асып ба­рады, жағдайым жақсы, балаларыммен бірге Сайлаукүлдің де амандығын­ тілеп жүрмін», – дейді бадамдық Мәриям апа.

Біз ол кісіден Сай­лау­күлдің мекен-жайын білдік, із­деп барып, ол кісімен сұхбаттас болдық.

Көп ауру қан айналымына қатысты туындайды

«Менің алыстан келе алмаған сырқаттарды суретіне қарап отырып, телефонмен емдеген кездерім де болған, – дейді ол кісі. – Көріпкелдік қасиетке ие екенімді көп уақыт өзім де мойындамай жүрдім. Жоғалған адам немесе малдың қайда жүргенін дөп басып айта аламын. Егер жоғалған адам тірі болса, денсаулығы қоса айтылады. Мәйіт жатқан жерге отырсам, адамның қазасы неден болғаны көз алдыма кино сияқты көрінеді. Адамдардың мені «Тірі УЗИ» дейтіні сондықтан.

Өткен жылы анам дүние салған, содан бері науқастарды массаж арқылы емдеуді бас­тадым. Аллаға сеніп, келген ниетін айтса болды, ау­руын­ сұрамай, ағзаның ішкі құрылыстарына кіре отырып, қанмен бірге бойды қуалай жүру арқылы аурудың ошағын тауып, ол дертті өзіме тартамын. Яғни менің де тап сол жерім ауырады. Сырқаттың диагнозын өзім қоямын. Тамырды ұстап, адамның қай жері ауырғанын шығыс тә­сілімен айтамын.

Жұқпалы ауруларды ем­демеймін. Менің емдеу тә­сілім – кемінде үш күнді қамтиды, толық диагноз бен ем барысы осы кезде айтылады. Ауру асқынып, жансақтау бөліміне түскен талай адамды емдеп шығардым. Емнің барысын, сырқаттың жазылған – жазылмағанын, ағзада болып жатқан сауығу процесін күн сайын айтып отырамын.

Бойда шаршау, суық, сары су, қан қы­сымы болса, мен жасаған уқалаудан кейін бірден ем жүреді. Қалай екені бір Аллаға ғана аян, алдыма келген сырқаттың бойындағы ауруды өзіме қабылдау ар­қылы оның ішкі ағзаларын «УЗИ» аппараты секілді кө­ремін. Алдымен науқастың сырқатының түпкі себебін та­ба­мын, содан кейін дұға оқып, уқа­лауды бастаймын.

Адамның барлық ауруы қан айналымына байланысты. Егер адамның бір жері ісінсе, суық өтсе, қан ұйыса, сол жерде ауру пайда болады. Қан айналымы бұзыл­ғанда ауру аяқтан бастап сыр береді. Аяқпен байланысты ұсақ қан тамырларының жұ­мысы нашарлайды. Оған түрлі себептер бар. Бас­тысы – қанның қоюлануы. Сондай кезде қан жүрмеген, баяул­аған жерді дәл тауып, уқалау арқылы жұмысын қалпына келтіріп жі­бер­сең ауру да жоғалады.

Соңғы кездері адамдар ашуланшақ болып барады. Жүйкеге салмақ шамадан көп түсуде. Ол ми жұмысын­ на­шарлатады. Ауа жетіс­пеу­­шілігі байқалып, жүрек қысады. Мимен байланыстағы тамырдың қан жү­руін­де ақау пайда болса, адамның ашуланшақ болуы да, жүй­ке жүй­кесінің тозуы да содан».

Емші ағзада кіші (капилляр), орта (вена) және үлкен (артерия) қан тамырлары болатынын айтады. Осылардың ішінде ең бірінші кіші қан­ тамырларының жұ­мысы ақырындап іс­тен­­ шы­ға бастайды екен. Егер мұны дер ке­зінде ем­демесе, ауру ұл­ғаяды, бірі екін­шісіне әсер ету арқылы басқа да­ қан тамырларының жұмысы бұзылады­. Өз кезегінде олар үлкен тамырлардың жұмысын те­жейді. Үлкен қан тамыры істен шыққанда жағдай тіпті қиындайды. Мұның ақы­ры инсультке немесе инфарктке соғады.

Дұрыс тамақтана білудің маңызы зор

Көп нәрсе тамақтануға байланысты. Бі­реу­лер тамақты тез жейді, екіншілері жүріп тамақтанады. Екеуі де қате. Тамақты асықпай, шайнап жеген адам аурудан аман болатынын ұмытпауы тиіс.

Өтім ауырады деп кейбі­реулер дәрі ішіп жатады. Бұл жерде де жоғарыда айтқандай, өт өз жұмысын толық орындап тұрған жоқ. Онымен байланысты қан тамырларының біреуінен ақау шыққан. Қан дұрыс бармағандықтан, ми оған жұмысты қалай ат­қару керектігі туралы дұрыс тапсырма бермегендіктен өттің жұмысы нашарлайды.

Қан тамырларының дұрыс жұмыс істемеуінен ішкі ағзалар қызметі бұзылады. Қан қысымының көтерілуі де осыған байланысты. Ішкі бұлшық еттің де тамырлары бар. Тамырдың жұмысында кедер­гілер болғанда қан ұюы басталады. Мұны тромб не­месе гематома деп атайды. Бұлар болғанда қан жүрмей қалады. Ал оның ақыры үлкен қасі­ретке апарып соғуы мүмкін. Ол үшін уқалау дұрыс жасалуы керек. Менің басқалардан ерекшелігім сол – тамырларда қан қай жерде дұрыс жүр­мей тұр­ғанын, тоқтағанын жоғарыда айтқандай дертті өз денеме қабылдау арқылы біле­мін. Сол жерді уқалау арқылы жұмысын қалпына келтіре­мін. Ал қан айналымы дұрыс адам ешқашан ауырмайды».

…Сайлаукүл Бегімқызы осылай дейді. Біз ол кісінің әңгі­месінен ерекше әсер ал­дық. Жаныма еріп барған досымның дерті қашаннан бас­талып, қалай ауыратынын дәл айтып берген соң айт­қандарына сенбеске амалымыз қалмады. Сөйтіп ол кісіге емделуге баратын болып шештік.

Нұрбереке ҚАСЫМТЕГІ.

Арыс қаласы.

Сайлаукүл Бегімқызының байланыс телефондары – 8-702-270-22-94, 8-771-137-71-06.

zamana.kz

 

[:]