[:kz]
Бұл туралы Алакөлде жатқанда жазғым келген, бірақ интернет дұрыс болмады. «Айтпаса сөздің атасы өледі», ішімде кетпесінші әрі шомылу науқаны аяқталған жоқ, қазақтың қыз-келіншектері ескерсе екен деген ниетпен де жазып отырмын.
Алакөлде небір «фигураларды» көрдім. Көрейін деп көрмейсің ғой, көз алдыңда көлбеңдеп кетіп бара жатқан соң еріксіз қарайды екенсің.
Жасы алпысқа жақындап қалған үш қазақтың әйелі бірге жүрді. Біреуісі «почти» жалаңаш, тіпті түсіп кеткен иықбауын көтерместен катер жүргізіп жүрген баласындай жас жігіттерге жақындап, баға сұрап жатты.
Олар емес, сырттай қарап тұрып мен ұялдым. Шіркін-ау, солып қалған қос алмасы сондай сүйкімсіз көрінеді екен.
Басқа ұлттың ашық жүргені онша білінбейтін сияқты, біздің қазақ аналарының тым ашық жүргені ерсі көрінеді.
Қатты айтсам айыпқа бұйырмаңыздаршы, кей келіншектерге сабақ болсын деп жатырмын. Буркини деген арнайы жабық купальниктер бар, қандай әдемі, көзге оғаш көрінетін жердің бәрін жасырып тұрады. Мен де біреуін сатып алғанмын, «за то» суға емін-еркін түсемін. Қатты жабық емес, қысқа шалбар мен футболка сияқты, өте ыңғайлы.
Есі барлар ескерер…
Кенжегүл Тергембай
Фейсбуктег парақшасынан
[:]