[:kz]
Алау» тобы проюсермен жұмыс істеуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.
4 жылдың ішінде тыңдарман қауымға кеңінен танылған Баян Мақсатқызының продюсерлігіндегі «Алау» тобы енді өздері жеке жұмыс жасамақ. Бұл жайлы топтың әншісі Ержан Мұқатаев айтып берді. Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен «Алаулықтар» енді продюсерсіз сахнаны бағындырамыз дейді. Жігіттер продюсерлік орталықтан кетудің себебін түсіндіріп берді. Басты мәселе KeshYou тобымен бәсекелестікте дейді олар.
«Продюсерлерімізге кіріп айттық. Еш қиындығы болған жоқ. Ол кісілер тіпті қолдады. Ең маңыздысы — жиналған репертуар. Ол кісілерден репертуарды сұрап алдық. Менің ойымша, біздің топтың продюсерлік орталықтан кетуіне KeshYou тобымен ішкі бәсекелестік себеп болды. Өйткені топ эстрадада көп жыл бойы өнер көрсетіп жүр. Біздер үйдің кішісіндей, шетте қалдық», — дейді Ержан Мұқатаев.
Соңғы уақыттары жігіттер топқа қатысты барлық жұмыстарды өздері атқарған көрінеді. Содан болар «Алау» тобы продюсерсіз жұмыс жасаудан жасқанбай отыр.
«Продюсерлерге еш реніш жоқ. Менің ойымша ол кісілер барлығын түсінеді. Соңғы жылдары барлық жұмыстарды өзіміз атқаратынбыз. 4 жылдың ішінде жақсы тәжірибе жинадық деп ойлаймын. Продюсерлердің көмегінсіз халықты қуантамыз деген үміттеміз», — дейді Ержан Мұқатаев.
[:]