АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алдағы күндері күн суытады [:]

[:kz]

Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Жаңа жылдық мереке күндері ауа темimgpreviewпературасы Қазақстан аумағында нормадан 8-15 градусқа жоғары болды. Күндізгі температура 2 градусқа дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа райы бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен атлантикалық циклондармен байланысты болды», — деп хабарлайды синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысындағы ауа-райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, күшті батыс желі күтіледі.

Сондай-ақ, Орталық Азиядан жылжыған циклон оңтүстік облыстарға жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкелетіні айтылады. Осылайша, Қазақстанға Архангельск ауданынан антициклон ауысып, 6-7 қаңтарда республиканың көптеген облыстарында өткінші суық болады.

Kaz.tengrinews.kz

[:]