АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Алданып қалдым»: Ернар Айдар өзінің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді [:]

[:kz]

 

Отандық танымал әнші Ернар Айдар өзі тап болған даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ұтыс ойнатып жатқан сәтінде тұтқындалып, алты күн бойы байланысқа шықпаған өнер иесі орын алған жағымсыз жағдайдың мән-жайын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ернар Айдар ұялы телефонына қолы жеткен бойда Instagram желісіне шығып, өз оқырмандарына видео үндеу жолдаған. Онда әнші өзіне қатысты шулы оқиға жайлы бар шындықты айтқан. Ол қалың көпшіліктен кешірім сұрап, барша ұтыс қатысушылары іспетті өзі де алданып қалғанын жеткізді. «Ассаламағалейкум, ардақты ағайын! Баршаңызға ораза қабыл болсын! Бүгін ғана телефонды қолыма алдым. Қарап жатырмын. Біріншіден, мен үшін уайымдап, қолдауын көрсетіп, тілекші болып жатқан барша жанға, барша ағайынға алғысымды білдіремін. Және осы істің ақ-қарасын білмей, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Сол ұтысты ұйымдастырған ұйымдастырушылардың барлығы қамауда. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеуге жұмыстарының әділ өтуіне мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым. Баршаңызға жақсылық тілеймін ағайын» , — деді ол.

Айта кетейік, 23 сәуір күні Ернар Айдардың тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Өнер иесі он екі адаммен бір бөлмеде жиналып, ұтыс өткізіп жатқан жерінен ТЖ режимін бұзғаны үшін құрықталды.

Күні кеше «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әншінің ұсталуы мен ұйымдастырған байқауына қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Мәселен, Ернар Айдардың конкурсына арналған ресми парақша бұзылды деген сылтаумен төрт рет жаңартылған. Ал, ұтыстың жарнамалық роликтері бес мәрте түсіріледі. Сонымен қатар, аталмыш видеолардағы қымбат машиналар да ауысып тұрған.

Әр бейнероликтегі темір тұлпарлардың әр түрлі екенін аңғаруға болады. Оған қоса, конкурстың басты сыйлығы зәулім пәтер де екі рет өзгертілген болып шықты.

kaz.nur.kz

 

[:]