[:kz]
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полициясының қызметкері қызметін асыра пайдалану арқылы қыздарды көлігіне отырғызып, тиіскен деп айпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “НеМолчиKZ” қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазды. Ол бұл іс бойынша бірнеше ата-ананың шағым түсіргенін алға тартты. Алайда олар өз мәлімдемелерінен бас тартқан көрінеді.
Дина Таңсәрі әділдік іздеген ананың жазбасын жариялаған. Айтуынша полиция қызметкері қызға саябақта қыдырып жүрген жерінде, темекі тарттың деп жала жауып, көлігіне отырғызған.
“2022 жылдың 4 ақпанында Шымкенттің орталық саябағында 14 жастағы қызыма өзін Әлфараби аудандық полициясының учаскелік полиция қызметкерімін деп таныстырған ер адам келген. Камерадан қызымның темекі тарқанын көргенін айтқан. Қызым жылап, ата-анамды шақырмаңыздар деп өтінген. Алайда ол қазір қызды жіберсе, пара алған болып есептелетінін және қызымның көлікке баруы керек екендігін айтқан. Олар полицейдің көлігіне келген. Ер адам есікті ашып, артқы орындыққа отыруын сұраған. Қызымнан не себепті отырдың деп сұрағанымызда, үйге апарады деп ойлағанын айтты. Бірақ полицей бір айналып, жаңағы жерге қайта келген”, – делінген әйелдің жазбасында.
Артынша ер адам қыздың жанына артқы орындыққа отырып, оған тиісе бастаған.
“Көліктің терезесі қараңғыланған. Ер адам қызымның жанынан отырып, тінту үшін өзінің алдына отыруын сұраған. Тінту жүргіземін деген сылтаумен бірінші күртешесінің қалтасын қараған, содан кейін қолын киімінің ішіне, іш киіміне салған. Жағдай интимдік жерлеріне дейін жеткенде, қызым айқайлап, маған зорлық көрсетіп жатырсыз деп шу шығарған. Алайда бұл адам тінту екенін айтып, әрекетін жалғастырған. Ол қыздар мұндай жерлерде есірткі сақтайды, мен саған зорлықты көрсетейін деп айқайлапты. Ол екі рет тінту жүргізген. Артынша жіберсем мен үшін не істей аласың деп сұраған. Ол темекі шекпейтінін және оны тексеріп, бірдеңе тапса, жазалауын сұраған. Содан кейін тағы бірнеше рет оның бетіне күлімсіреп: «Сен маған бересің бе?» деген. Қызым одан да қатты жылады. Осыдан кейін ол оған саябақта есірткі қолданатын немесе сататын адамдар туралы айтып беруді сұраған. Қызым мұндай жасөспірімдерді білмейтінін және оның айналасында ешкім есірткі қолданбайтынын айтты. Ол ұялы телефонға қоңырау шалып, алдыңғы орындыққа ауысады. Телефонын қызыма қайтарып, қызымды босатқан”, – деп жазды ол.
Тергеу ұзаққа созылған. Дәлелдер болғанымен, күдікті жазаланбаған.
“Мен осы саябаққа келген жасөспірімдер болған чатқа оқиғаның дауыстық хабарламаларын жібердім. Осыдан кейін бұл бірінші жағдай емес екендігі белгілі болды және оның фотосуреттері жарияланды. Біз оның тегі мен атын білдік. Шымкент қаласының полиция басқармасына өтініш жазбас бұрын, чаттардың барлық жазбаларын оқып, тыңдадым. Ол қыздармен сөйлесіп, ата-аналар не болғанын білуі керек екенін түсіндірді. Көбісі қорқады, ал кейбіреулері айтты. Бұл іс бойынша біз жалғыз емеспіз. Іс ақпан айынан басталды, сараптама тағайындалады. Іс кешіктірілді. Дәлел бар”, – делінген ақпаратта.
[:]