[:kz]
Әлеуметтік желіде Ерболат Құдайбергеннің «үйлену тойында» түскен суреті қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының бірі суреттің тек телехикая жарнамасы екенін айтса, енді екіншілері өнер иесін жерден алып, жерге салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Редакциямызға суреттерді жолдаған оқырман оны досы жібергенін айтты. Яғни, өнер иесі, расымен де, жап-жас келіншек алған. Алайда әншінің Instagram парақшасынан бұл кадрлардың түсірілімге қатысы барын байқауға болады.
Суреттегі киімінде тұрған Ерболат Құдайберген «Патруль телехикаясын кім көрді?» деп жазған.
Алайда кейбір желі қолданушысы мұны шынға балап, әртүрлі жағымсыз пікір жазған. Арасында әншінің сөзін сөйлегендер де болды.
«Клип немесе кино болуы керек. Үйлену тойы болса, Ерболат әдеміленіп түсетін еді», «Қасындағы дуэт құрып, ән айтып жүрген қыз ғой. Сонда шынымен үйленген бе? Масқара», «Актриса қыз ғой», «Кім қанша қатын алса да, өзі біледі. Біздің не шаруамыз бар», «Ерболат мынау не?», «Анау ма алған әйелі» деп жазды желі қолданушылары «Жұлдыздар әлемі» парақшасында жазды.
[:]