АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Алғашқы табысымды Қазақстанда таптым, енді соны қайтармақпын»: Ресейлік кәсіпкер Қазақстанға 100 мың доллар сыйлады[:]

[:kz]

 

Ресейлік кәсіпкер, «Технониколь» корпорациясының тағы бір иесі Игорь Рыбаков (Forbes бағалауы бойынша байлығы – 2 миллиард доллар) Қазақстандағы қайырымдылық жобаларына 100 мың доллар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қаражат екі әлеуметтік жобаға бағытталады:

 

Жетімдіктің алдын алу мақсатында ауыр жағдайға тап болған жүкті қыздар мен жас аналарға әлеуметтік көмек көрсетумен айналысатын «Аналар үйі» қорына 50 мың доллар табыстады. Жоба өз балаларынан бас тартқан жас әйелдердің санын азайтуға арналған.

  • IQanat білім беру қорына ауыл балалары үшін сапалы білім алуға деген ынтаны арттыруға және қол жеткізуге бағытталған 50 мың доллар табыстады.

Игорь Рыбаков ақшаны беру туралы шешімді BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахимбаевпен сұхбат кезінде қабылдады.

 


«Жас кезімде мен Қазақстандағы құрылыста жұмыс істедім. Біз сиыр қора салдық, маған бұл жұмыс үшін 1300 рубльден астам ақша төленді. Сол кездегі өлшеммен сұмдық ақша. Менің алған қаражатты қайтаратын қағидам бар. Алғашқы табысымды Қазақстанда таптым, енді соны қайтармақпын», – деді Рыбаков.

 

 

[:]