АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:ru]»Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін»: Алматы облысында куәгер бес жасар баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын айтты Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1970203-ali-durystap-tamaq-ise-almai-zurmin-almaty-oblysynda-kuager-bes-zasar-balanyn-murdesin-qoqystan-qalai-tapqanyn-aitty/[:kz]»Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін»: Алматы облысында куәгер бес жасар баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын айтты [:en]»Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін»: Алматы облысында куәгер бес жасар баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын айтты Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1970203-ali-durystap-tamaq-ise-almai-zurmin-almaty-oblysynda-kuager-bes-zasar-balanyn-murdesin-qoqystan-qalai-tapqanyn-aitty/[:]

[:kz]

 

Алматы облысының Сарқан ауданында бес жасар қыз баланың денесін қоқыстан тапқан куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚА СІЛТЕМЕ ЖАСАҒАНkaz.nur.kz 

Куәгер сарқандық тұрғын Мәди Мұхаметқалиевтің сөзінше, қоқыста жатқан кішкентай баланың денесін алғаш болып оның балалары көрген. Әкесі балаларынан сұмдық жайтты естіп, дереу оқиға орнына барған.

Артынша полиция шақыртқан.

«Осыдан екі күн бұрын, яғни 17 мамыр күні түскі сағат 11:00 шамасында үйде демалып жатқанмын. Ұлым келіп «Әке, әке! Ана жерде нәрестенің сүйегі жатыр. Көріңізші, көріңізші?» дейді. Келсем, тура қоқыстың жанында баланың бас сүйегі жатыр. Денесі төменде жатыр екен. Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты», — деді Мәди Мұхаметқалиев.

Ол оқиғаның өткеніне екі күн болса да, әлі өз-өзіне келе алмай жүргенін жеткізді. «Жануар да өз баласын қорғайды, мынау енді сұмдық қой. Баланың өлі денесі қоқыста жатыр. Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін. Өзім де бала өсіріп отырмын. Бала киімімен жатты», — деді Мәди Мұхаметқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың денесі қоқыстан табылғанын хабарлаған едік. Көп ұзамай полиция баланың анасының жеке басын анықтады. Артынша 20 жасар ана ағасымен бірге полицияға жауап беріп, баланың қоқысқа неге тасталғанын айтты.

 

[:]