АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әлі күнге дейін беделді тұлғалар қол астындағыларын жебеп жүреді — Қасым-Жомарт Тоқаев[:]

[:kz]

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс барысында басшылықтың қол астындағы қызметкерлерін жебеп жүруі мен азаматтың лауазымының өсуіне беделді адамдардың әсер етуі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өкінішке орай, бұл жағдайдың дұрыс еместігін барлық мемлекеттік қызметкер түсіне бермейді. Ескілікке үйренген олар мемлекеттің даму үрдісіне айтарлықтай зардабын тигізіп жатады. Ел дамуына келетін кері ықпалдың тағы бір мысалы ретінде мемлекеттік басқару жүйесінде бірнеше адамдардың топ болып көтерілуін айтуға болады. Мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің ауысуы есеп бойынша небәрі 6-10 пайызды құрайды. Министр немесе әкім ауысқан кезінде оның маңайындағы қызметкерлердің жаңару қалыпты жағдай екендігін барлығы да біледі», — деп мәлімдеді Тоқаев, 

Бұған қоса ол мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің саны дұрыс реттелмейтіндігін ескеріп өтті. 

Басқару аппаратында отырған азаматтардың санына қатысты ережелер жоқ. Меритократияның принциптері ескерілмейді. Әлі күнге дейін жоғарыда отырған азаматтар қол астындағы қызметкерлерін жебеп, олардың лауазымдарының өсуіне көмектесіп отырады. Бұның бәрі шын ғой. Ақылға қонымсыз дүние, сол себепті жағдайды сараптауға салу керек. Қоғамдық ой да ескерілсін. Ең бастысы нәтиже болуы қажет», — деді мемлекет басшысы. 

[:]