АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әли Оқапов пен Диас Абылаев коронавирусқа қарсы екпе алды (видео)[:]

[:kz]

Қазақстандық әнші Әли Оқапов пен Диас Абылаев, Ержан Мұқатаев коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесін алды. Әртістер желіде өздерін жақсы сезінетіндерін айтты. Әли Оқапов екпе алу барысында түсірілген суреттерін жариялады. 

«Вакцина алдым. Өзімді жақсы сезінемін. Бәрі тегін. «Спутник V», — деп жазды әнші. 

 

«Жарайсың, бүгін мен де екпе қабылдадым. Менде де бәрі жақсы», «Кейбіріне жағымсыз әсер береді деп жатыр», «Бұл шынында да вакцина ма алғаныңыз?», «Ол үшін сізге қанша ақша төледі?», «Жақсы болған екен», «Бәрі жарнама», «Құтты болсын! Аман болыңдар. Денсаулықтарың мықты, жастарың ұзақ болсын», «Кеше екінші этап алдым вакцинаны бәрі де жақсы», — деп жазды желі қолданушылары. 

Әнші кейінірек өзін қалай сезініп тұрғанын айтып, видео жүктеді. 

«Бәрі екпе жайлы сұрап жатыр. 7 сағат өтті. Дене қызуым қалыпты. Әлсіздік сезінген жоқпын. Ұйқым келіп тұрған жоқ. Бәрі жақсы», — деді Оқапов. 

Әлимен бірге Диас Абылаев пен Ержан Мұқатаев та екпе салдырды.

«Бәрі жақсы өтті. 4 сағаттан соң өзімді жақсы сезіндім. Рахмет», — деп жазды Диас.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өндірілген коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

[:]