[:kz]
Өзбекстанның жаңа үлгідегі төлқұжаты қазақстандық ұлт туралы байырғы пікірталастың қайта туындауына түрткі болып отыр. Онда ұлты жазылатын жерге Өзбекстан деген сөз жазылған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Әлихан Бәйменов кезінде «қазақстандық ұлт» идеясына қарсы болған азаматтарға әлеуметтік желі арқылы ренішін білдірді.
«Бiр қызығы, «Қазақстанда бiр ғана қазақ ұлты бар» деп сɵйлейтiн азаматтар мəселенiң тереңiне үңiлмей, осындай шешiм қабылдауға қарсы шығып, тоқтатып тастады. Нəтижесiнде, жүз шүршiт болса, оларды ɵзiмiз мiндеттеп, этникалық тегiн жазғызып, есiне салып тұратын төлқұжат қалды бiзде», — дейді саясаткер.
Әлихан Бәйменовтің пікірінше, паспорттағы nationality этникалық немесе тектiк емес, азаматтық мағынасында. Барлық мемлекеттер осылай жазады.
Елдiң iшкi бiртұтастығын қамтамасыз етуде Ɵзбекстан жасаған үлгi маңызды. Бiр ұлт болып ұйысу iсiнде басқа да қаптаған мəселемен қатар бұл да тұсау,
Алайда ұлт-патриоты Дос Көшім мұнымен келіспейді. Оның пікірінше, бұл мәселеге 2019 жылы нүкте қойылған. Елімізде ұлтын көрсету, не көрсетпеу әр адамның өз еркінде.
Қазақтар көрсетеді. Бұл дұрыс. Біз енді ғана мемлекет құрып, ұлттық рухы оянып келе жатқан елміз. Ұлт мәселесі түбейгейлі шешілсе, мен де қарсы болмас едім. Қазір біздің қазақ болып жазылғанымыз керек. Бізге бұл рух береді,
[:]