[:kz]
Канаданың Оттава қаласының тұрғыны, кәсіпкер Брюс МакКонвиль сот барысында әйеліне өтіп кетпес үшін ақшасын өрттеп жібергендігін мойындапты. Сол себепті судья оны 30 күнге абақтыға қамауды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
55 жастағы кәсіпкер, Оттава қаласының мэры болмақшы болып, сайлауға түскен Брюс МакКонвиль есімді ер азамат сотқа өзінің қаржы жағдайы туралы есеп беруден бас тартыпты. Аталмыш сот оның әйелімен ажырасуына байланысты өтіп жатқан.
МакКонвиль өзінің бар мүлкі мен бизнесін сатып, банк шотындағы миллионнан астам канадалық долларды (шамамен 286 миллион теңге) шешіп алып, оны өртеп жіберіпті. Осылайша канадалық азамат әйелін көк тиынсыз қалдырғысы келген. Сөзінше, 2019 жылдың қыркүйегінде ол ақшаны бір жартысын, ал желтоқсан айында екінші бөлігін өртеген.
Ер адам өзінің қазіргі кезде қанша ақшасы бар екендігін айтудан бас тартқандықтан сот оның әйелі мен баласына қанша алимент төлейтінін анықтай алмапты. Сол себепті ол әйеліне мүлдем ақша төлемепті.
МакКонвиль өзінің бұл ісін дәлелдейтін айғақ табыстай алмаған. Айтуынша, ол бар ақшасын ешкімге айтпай өртеген. Десек те сотты жүргізген судья оның сөзіне сенбей, кәсіпкерді сот барысына құрметпен қарамағаны үшін жазаға кесіпті.
Канадалық азамат өзінің балаларының қамын ойламағаны үшін кінәлі деп табылып, 30 күнге түрмеге жабылды. Берер ақшам қалмады деген кәсіпкер судьяның үкімімен бұрынғы әйеліне күніне екі мың канадалық доллар (шамамен 573 мың теңге) төлеуі тиіс деп танылыпты.
[:]