[:kz]
Жауапсыз әкелердің бітпейтін уәдесінен шаршаған сот орындаушылары істі сотқа жеткізіп, оларды 5 тәулікке дейін қаматып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Жыл басынан бері осындай 114 іс қаралған. Жылдар бойы алимент төлемегендердің қарызы 600 мыңнан асып кеткен екен. Көп жағдайда төлемнің уақытылы жасалмауын денсаулықтың сыр бергенімен, жағдайының төмендігі және жұмыссыздықпен байланыстыратын көрінеді. Бүгін әкімшілік сотта 12 азамат қамауға алынды. Ал темір тордан шыққан соң 3 ай ішінде баласының алдындағы қарызын толық өтемесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
«Бізде қазір 300 құжат бар. Оның 150-і бойынша нақты шара қолданылды. 18-і сотқа өткізілді. Сөйтіп, оларға айыппұл салу немесе қамауға алужазасы қолданылады» дейді Медеу аудандық прокуратурасының бөлім бастығы Ізбасар Масақбаев.
http://kaz.caravan.kz/
[:]