[:kz]
Әнші Әлішер Кәрімов алғаш рет бет-әлпетіне жасатқан пластикалық ота жайлы айтып берді. Өнер иесі шын мәнінде қандай операцияларға бел буып, қандай мақсатпен жасатқанын баяндаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлішер Кәрімов келбетінің айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын қызу талқыға салған қалың көпшілікке Instagram желісінде жауап берді.
Әнші парақшасында арнайы жазба қалдырып, онда көптеген пластикалық ота жасатты деп ойлап жүрген жандардың болжамын жоққа шығарды.
Эстрада өкілі шын мәнісінде тек бір ота ғана жасатқанын және бұл қадамға баруының себебін түсіндірді.
«Мен өзімнің көзімді, мұрнымды және иегімді өзгертіппін. Бұл көпшіліктің жазып жатқаны. Мұндай пікірдегілердің барлығына мен бір жазбамен жауап беруге шешім қабылдадым. Шын сәнінде мен өзіме тек қана блефаропластика жасаттым. Отаға дейін және кейінгі суретті менің парақшамнан қарай аласыздар.
Операция өткен жылы Корей елінде омыртқама ота жасатқан уақытта болды. Бұл елдің тұрғындары үшін блефаропластиканы жасату маникюрге барумен тең. Процедура 40 минутқа созылады. Оның үстіне ауырмайды.
Не себепті мен бұл қадамға бардым? Менің киелі сахнада өнер көрсетіп жүргеніме 15 жылдың жүзі болды. Сол себепті, кез келген әртіс үшін сыртқы келбеті аса маңызды болып табылады. Біз көрермендерге өз шығармашылығымызды тарту етеміз, бізді миллиондаған адам көреді. Ал біз өз кезегімізде олардың талаптарына сай бола білуіміз керек. Сол үшін сымбатты, белсендірек және сергек болып жүруіміз қажет» , — деп жазды Әлішер Кәрімов.
[:]