АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Алла бәрін көріп тұр»: Ернар Айдар лотереяға қатысып алданған жұртқа ақшасын қайтара алмайтынын айтты[:]

[:kz]

Мен тек жарнама жасадым: ол үшін қатты өкінемін, сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп кешірім сұраймын.

Әнші Ернар Айдар жалған жарнамаға ақша салып, алаяқтарға алданып қалған халықтың өнер адамдарынан ақшасын неге талап етпеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші инстаграм парақшасында жазды.

«Құрметті лотерея ойынына қатысып алданып қалған ағайын. Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер маған сеніп лоторея билетін сатып алдыңыздар (ол үшін басымды иіп кешірім сұраймын), Дәл сіздердей мен де ойын ұйымдастырушыларына сеніп алданып отырмын. Алла бәрін көріп тұр ғой, осы ойынға қатысты менде титтей де болсын арам ой болған емес, сол себепті маған да түсіністікпен қарауларыңызды өтініп сұраймын. Қазірде @der_almaty (Алматы Қаласы Бойынша Экономикалық Тергеу Департаментінде) тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен ешқайда қашып жүрген жоқпын. Сол тергеу жұмыстарына куәгер ретінде бар шындықты айтып, тергеудің аяқталуын күтіп жүрмін. Құрметті ағайын сіздер сатып алған билеттің ақшасына келер болсақ, ол ақшаның бір теңгесі де менде емес, сіздерге билетті сатып ақшасын алған сол ойынның ұйымдастырушылары Оспанов Азат, Темірбек Ернар, қазірде осы ұйымдастырушыларға тергеу жұмыстары жүріп жатыр, яғни сіздердің ақшаларыңыз сол ұйымдастырушыларда. Мен тек жарнама жасадым: ол үшін қатты өкінемін, сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп кешірім сұраймын. «Жарнама үшін алған ақшаңды халыққа бермейсің ба? Қайрымдылыққа көмектеспейсіңба?» деп сұрап жатқан ағайынға айтарым. — Дәл осы жарнама жасап, алған ақшамның атынан мен өздігімше ештеңе істей алмаймын, барлығын заң шешеді. Тергеу бітіп, сот қалай шешім қабылдайды солай болады. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақшаңды қайтар десе қайтаруға дайынмын. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақша өзіңде қалады деп шешім қабылдаса, онда Алла қаласа, Алла разылығы үшін мен ол ақшаны қайрымдылыққа жұмсауға да дайынмын. (Алайда, алдын да, қазіргі таңда да өзімнің атымнан, отбасымның атынан, жасырын да, жария да Алла разылығы үшін, қолдан келгенше қайрымдылық жасап жүрміз). Ақ-қарасын білмей, маған қарғыс айтып, жаман сөздер айтып жатқан ағайын: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады». Ия мен сүріндім. Мүмкін сіздер адамзаттың ешқашан сүрінбейтін түрінен шығарсыздар! Менде өстіп-өстіп өмір сүруді бір күндері үйренермін. Уақыт төреші. Мен сіздерге тек қана жақсылық тілеймін! Тергеудің аяқталуын күтейік!», делінген жазбада.

Тағы да оқыңыздар:

 

 

[:]