АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Алла сыйласа, қарсы емеспін»: Баян Алагөзова үшінші рет ана атанғысы келетінін айтты[:]

[:kz]

Танымал продюсер Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін және болашақта ана болуға еш қарсылығы жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

Баян Алагөзова осы күнге дейін қыздарына тек үлгі болу арқылы тәрбие беріп келгенін айтады. Сондай-ақ, ол басқа ата-аналарға да балаларына бірнәрсе демес бұрын өзіне қарауға кеңес берді. 

Продюсер соңғы бірнеше жылда денсаулығын түзетумен айналысып келе жатқанын айтты. Осы орайда балалы болып жатса, тек қуанатынын жеткізді. 

«Барлығы Алланың қалауымен дейді. Алла сыйласа, қарсы болмас едім. Балалы болу үшін денсаулық керек. Соңғы 3 жыл бойы денсаулығымды түзеп келемін. Ләйлә, мен екі баланың анасымын. Олардың сәби күндерін, алғашқы сөздерін, қадамдарын еске алсам, әрине, бұл мен үшін нағыз бақыт. Ана болғаным үшін бақыттымын», — деп күлді продюсер. 

Сөз соңында ол қоғамдағы өзекті мәселелерге, соның ішінде көпбалалы аналардың жағдайын жақсартуға атсалысқысы келіп жүргенін жасырмады. 

 

[:]