АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Алматы әкімдігі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы мәліметті жоққа шығарды [:]

[:kz]

 

Қазнетте Алматы қаласының әкімі отставкаға кеткені туралы ақпарат пайда болды. Алайда әкімдік бұл мәліметті теріске шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әлеуметтік желіде тарап жатқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімі жұмыс орнында өз міндетін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатыр», — делінген хабарламада. Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген жедел штабтың отырысына қатысты. Сонымен бірге, Сағынтаев бүгін қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан офицерді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне де қатысты.

kaz.nur.kz/

 

[:]