[:kz]
Қазақстандық блогер Аида Жексен өзінің Телеграм-арнасында Алматы әкімдігінің асханасындағы бағалары жазылған менюдің фотосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Көрнекі фото: pixabay.com
«Иә, Байбек (Алматының экс-әкім) дұрыс айтқан, 500 теңгеге түстенуге болады екен. Рас, ол үшін Алматы әкімдігінде жұмыс істеу керек немесе айбарлы күзетшілер арқылы кіру керек», — деп жазды ол.
Расыменде, 18-қыркүйекте жазылған бағалар тізімі таңғалдырады.
Асханаға келушілер бірінші тамақты 180-200 теңгеге, екінші тамақты 290-510 теңгеге ала аласа, салқын тағамдар 50 мен 200 теңгенің арасында.
Фото: t.me/JEXENNEWS
Сусындар ғана орташа бағада сатылады екен.
Айта кетсек, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылы оңтүстік астанада бар-жоғы 500 теңгеге тсүтенуге болатынын айтқан еді.
[:]