[:kz]
Алматыда балабақшалардың бірінде садистік дағыдысы бар тәрбиеші балаларға қол көтерген бейнежазба таралды. Видеодан тәрбиешінің қолындағы оқтауды көруге болады. Қалалық полиция департаментінде оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда балабақша қызметкері тәрбиеленушілерге қол жұмсаған. Ол балаларды құлағынан тартады, тіпті біреуінің ерні қанталап кеткенін байқауға болады. Тәрбиеші сондай-ақ кішкентай қыздардың шаштарынан жұлқылап, тыныштандырады. Бір уақыттан кейін оқтаумен келіп, оларды ұра бастайды.
«Оқтаумен ұрғаннан денелері көгеріп кеткен, құлақтары мен шашынан жұлған. Бұл өзі балабақша ма? Балаларды сеніп тапсырған тәрбиеші оларды азаптап жатыр. Осыдан кейін өзге тәрбиешілерге, жалпы балабақшаға деген сенім жоғалады», – деп жазылған видеоның астында.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің 140 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін айтты.
“Қылмыстық істің материалдары Жетісу аудандық ПБ өңдірісінде. Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеледі және тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, оған сәйкес жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.
[:]