[:kz]
Самал Омарова коронавирусқа қарсы насихат үшін суретін рұқсатсыз пайдаланған Алматы әікімдігінен қаржы талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Бетперде киген қыздың суреті қазірдің өзінде COVID-ге қарсы науқанның символына айналды. Алғаш рет бұл сурет былтыр көктемде Алматыда баннерлерде пайда болды.
Өткен жылы Алматы әкімдігі баннерлердің кейіпкері филиппиндік қыз деп мәлімдеген және суреттер интернеттен алынғанын айтты.
Бірақ Алматы облысының тұрғыны, қазақстандық әйел Самал Омарова бұл өзінің суреті екенін айтады. Оның суретін біреу рұқсатсыз пайдаланған көрінеді. Самал Алматы облысының Жаңашыр ауылында тұрады. Үш қыз тәрбиелеп отырған ана. Ол сүт зауытында лаборант болып жұмыс істейді.
Самал өзін кім және қашан түсіргенін білмейді. Келіншек жазда дәл осылай банкке барғанын айтып, сол кезде жасырын камералар арқылы суретке түсіруі мүмкін екенін жеткізді. Самал өзінің бейнесін пайдаланғаны үшін ақы алуға құқылы екенін айтады.
Ол жарнама агенттігіне хат жазып үлгерген. Бірақ олар келіншекті әкімшілікке жіберіпті.
«Менің суретім барлық жерде ілінгеніне қуаныштымын. Жарнама үшін алты миллион берілген. Соның ең болмағанда бір миллионын маған берсін», — дейді келіншек.
Фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суреттерді тек сапалы жабдықты қолдану арқылы алуға болатындығын айтады.
«Мұндай суретті банкте түсіру мүмкін емес. Оған қоса адамды байқатпай суретке түсірді деген шындыққа жанаспайды. Шынымен көздері ұқсайды. Бірақ бізде филиппиндік модельдің фотосессиясы бар. Тіпті маскасыз суреттерін де көрсеңіздер болады», — дейді маман.
Алматы әкімдігі суретті дүниежүзілік тегін фотосуреттер банкінен алғандарын айтты.
[:]