[:kz]
Алматы — Бішкек жолында жүргізушілер қолына орақ ұстап алған «кемпірді» көрді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК-ға» сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
Компания осы тәсіл арқылы жүргізушілерге жолда қауіпсіздікті сақтау керектігін айтқысы келген.Жол полиция қызметкерлері қолдарына жылдамдықты азайтуды білдіретін белгілерді ұстап алып, Алматы-Бішкек жолының бойына қатармен тұрған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның басты мақсаты — жолда болатын авариялардың салдары өлім санының қарқынды өсуіне алып келетінін көрсету, жүргізушінің мәдениетін арттыру.
Жүргізуші жол ережесін менсінбесе, бей-жайлық танытқан жағдайда ең қайғылы оқиғалар орын алады. Ол осыны ұмытпауы тиіс.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Алматы-Бішкек көшесінде 2018 жылы 171 ЖКО орын алған. 49 адам қайтыс болып, 280 адам жарақаттанған.
[:]