[:kz]
19 сәуірде Алматының сейсмогеологиялық орталығы магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісін тіркелген. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оның эпицентрі Алматы қаласынан 71 шақырым жерде, қаланың оңтүстік-шығыс аумағында, Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 балды құраса, тереңдігі 20 шақырымда болған.
[:]