АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысы түрмесінде жазасын өтеушілер соққыға жығылғанын айтып, желіде видео таратты [:]

[:kz]

Жазасын өтеушілер түрме қызметкерлерінің зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып шағымданды

 Сотталушылардың видео үндеу арқылы жасаған шағымына ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеше, 23 наурызда Facebook және YouTube әлеуметтік желілері арқылы сотталушылар видео үндеу жариялаған. Олар жазасын Алматы облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі орташа деңгейдегі ЛА-158/14 түзету мекемесінде өтеп жатыр екен. Видеода К. Мұханов, А. Шүнкей және Г. Қошкарбаев түрме қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттерге барғанын айтады.

 
«Қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлағандай, Г. Қошқарбаевтан басқасы осыған дейін қатаң тәртіпті түзету мекемесінде жазасын өтеген. Онда жазасын өтеушілер түрме қызметкеріне бағынбай, дене жарақатын жасаған. Сондықтан сотталушыларға қарсы арнайы құралдар қолданылды. Олар тәртіптік изоляторға жіберілген», — дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, видео үндеу жариялағандар заңды жиі бұзады екен.

Сонымен қатар, видеода түрмедегі азаматтардың дене жарақаттары көрсетілген болатын. Соған қарамастан, қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдерінің пікірінше, сотталғандар бұл арқылы қоғамның назарын өзіне аударып, жауапкершіліктен құтылуды көздеп отыр.

«Сотталушы Г. Қошқарбаев түзету мекемесіндегі тінту шараларына қарсы шығып, денесіне жарақат салған», — дейді ведомство қызметкерлері.

Осы жайтқа байланысты Алматы облысының өзіндік қауіпсіздік қызметі сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы түзету мекемесі қызметкелерінің заңға қайшы әрекеттеріне байланысты және сотталушылардан табылған телефондарға қатысты тергеу жүргізді. 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Ал түрме басшысы қызметін уақытша атқарушыны қызметінен босату туралы ұсыныс жасалған.

sputniknews.kz

[:]