АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында 16 жастағы қызды соққыға жыққан күдікті ұсталды[:]

[:kz]

Алматы облысы Боралдай ауылында кәмелетке толмаған қызды соққының астына алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 13 мамырында Іле ауылының 40 жастағы тұрғыны Іле аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген болатын. Боралдай белгісіз екі әйел, сағат төрттер шамасында, ауылдың қант зауыты маңында 16 жасар қызын ұрып тастаған. Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің “Топтық бұзақылық” факті бойынша тіркелген. 

 

Осы қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау үшін Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімінің басшылығы тергеу-жедел тобын құрды. Оқиғаға қатысушыларды ықшамауданнан тасымалдаған такси жүргізушісі анықталып, жауап алынды.

 


Іздеуде жүргендердің фотосуреттері мен бейнелік кескіндері бар бағдарлар барлық көрші қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдеріне және әлеуметтік желілерге жіберілді.

“Жедел-іздестіру шаралар кешенінің нәтижесінде 19 мамырда Алматы қаласында Іле аудандық полиция бөлімінің ОҚП қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті өз ісін мойындады. Оқиғаның екінші қатысушысы, сол ауылдың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Екінші күдікті іздестірілуде”, — деп хабарлады полиция департаменті. 

Еске салсақ, бұған дейін екі әйел қызды соққының астына алғаны айтылған еді. 

Қазір қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оған бас сүйегінің жарақаты диагнозы қойылған. 

[:]