[:kz]
Мемлекеттік рәмізді қорлаған жігіт ағасы темекі қалдықтарын тастап қана қоймай, жолаушылардың көзінше дәрет сындырған. 40 жастағы ер адамның ерсі әрекетіне күйінген жолаушылар бұзақының дәретін өзіне жуғызып, тұғырдың алдын тазалатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Оқиға Алматы – Қапшағай тасжолының бойында болған. Әу баста бұзақы тұрғындардың сөзіне құлақ аспаған, тіпті қызметтік куәлігін көрсетіп, қарсылық та танытқан. Жолаушылар оқиға орнына полиция шақырып, тәртіпсіз ер адамды қыспаққа алған.
«Оқиға 28 ақпанда Іле ауданының Өтеген батыр кентіне қарасты аумақта болған. Күдікті 40 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ ер адам бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандықтан, Hyundai Tucson маркалы автокөлігін ешқандай рұқсатсыз басқарғаны анықталды. Осыған байланысты әкімшілік заңнамаға сәйкес, тәртіп бұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Одан көлік тәркіленіп, автотұраққа қойылды», — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ашулы адамдар тутұғырға дәрет сындырған жігітке Қазақстан халқынан кешірім де сұратқан. Ерсі қылығына еш ұялмаған азамат бұл әрекетке әйелімен ажырасқандықтан барғанын айтып ақталды.
[:]