АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында ондатрларды қырып, заңсыз саудамен айналысқан 50 жастағы азамат ұсталды[:]

[:kz]

Алматы облысы Алакөл ауданының 50 жастағы тұрғынының көлігінен мың жарымға жуық аң терісі тәркіленді. Ондатрларды қырып салды деп күдікке ілінген 50 жастағы азамат Үшарал-Бескөл автожолында қолға түскен. Тексеру барысында жануардың терісін заңсыз саудалаған азаматтың «Тойота Камри» маркалы көлігінен лық толы 7 қапшықтың ішінен 1488 ондатрдың терісі табылған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ондатрды аулауға, сондай-ақ оның терісін өңдеуге рұқсат қағазы болмаған азамат 7 қапшық аңды өзі аулағанын мойындаған. Заңсыз саудамен айналысқан Алакөл ауданының тұрғыны оларды бағалы терілері үшін қырған екен. Ол көлігіне тиелген тауарды Алматыға сатуға апара жатқан жолда қолға түсті.

Айта кетейік, қалада бір ондатрдың құны 7 мың теңгеден жоғары тұрады. Ал бағалы аңды аулауға, оның терісін саудалауға рұқсаты жоқ азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, браконьерліктен келген шығын 17 миллион теңгеден асады деп бағаланды.

stan.kz

[:]