[:kz]
Алматы облыстық полициясы жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Күштібаев өз қызметінен уақытша шеттетілді. Оған себеп-Youtube желісінде жарияланған аудожазбаға қатысты ішкі тексерістің жүргізілуі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Марат Күштібаев. Фото: 7sunews.kz
Министрліктің хабарлауынша, аталған жазба ведомствоға тексеріс үшін жолданған.
Артынша, 19 қыркүйек күні Ішкі істер министрінің қаулысымен Күштібаев уақытша өз қызметінен шеттетілді.»Жеке қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды»,- деді ІІМ-де
Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, аудиожазба Күштібаевтың суретімен жарияланған. Онда белгісіз біреу қол астындағыларды сынап жатқанын және арасында мәдениетсіз сөздер айтқанын аңғаруға болады.
[:]