АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында тірі қызын өлдіге санап, ақша сұраған ананың әрекеті әшкере болды [:]

[:kz]

Алматы облысының тұрғыны Оңтүстік Корея клиникасында қатерлі ісіктен қайтыс болған жеті жасар қызының денесін еліне жеткізе алмайтынын айтып, жұрттан көмек сұраған. Қомақты қаражат жинап үлгерген әйелдің бұл әңгімесі жалған болып шықты деп жазады Костанайские новости порталы.

Абырой болғанда, еріктілер алаяқтықты әшкерелеп, жиналған ақша шынымен көмекке мұқтаж балалардың еміне жіберген. Белгілі болғандай, бұған дейін Мадина Айдан есімді тұрғын өзінің қайғылы оқиғасын басылыммен бөліскен екен.

Әйелдің әңгімесі бойынша, оның кішкентай қызы Инабат қатерді ісікке шалдыққан. Ол Оңтүстік Кореяға қызын ем қабылдау үшін өз қаражатына апарып үлгергенімен, ем шаралары кешіктіріліп, баласы клиникада қайтыс болғанын алға тартыпты. Нәтижесінде қызының денесін еліне қайтара алмай отырғанын айтқан ол, тек 685 доллар қаражатты көптің көмегімен жинап беруді сұрапты. Алайда кейінірек, Мадина Айданның Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бар екені және қызының ешқандай дерттен көз жұмбағаны анықталады.

Аурудың тарихын көрсету үшін ол ремиссия кезеңіндегі лейкемиямен расында да ауырған Алматы облысының тұрғыны 8 жасар Камилла Реброваның фотосуреттері мен құжаттарын пайдаланыпты. Ақша жинау үшін Мадина өзінің шынайы телефон нөмірі мен банктік деректемелерін ұсынған.

LIDER.KZ қозғалысының еріктілері Реброваның туыстары хабарласқаннан соң, алаяқтықтың бетін ашуға көмектескен. Жанашыр қазақстандықтар Мадина Айданға 970 мың теңге аударған болып шықты. Барлығы әшкере болған соң әйел адам барлық жиналған ақшаны Камилла Реброваның ата-анасына қайтарып, картаны жауып тастаған.

Ал Ребровтар отбасы мен еріктілер жиналған қаражатты емделуге мұқтаж балалар арасында қайта бөлу туралы шешім қабылдаған. Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жалғызбасты әжейге қарақшылық шабуыл жасалғанын жазған едік. Одан бөлек, Алматы облысындағы тас жолда орын алған ауқымды жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш жолаушы зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз

kaz.nur.kz

[:]