АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысында үш жасар қыз бала жолда келе жатып көліктен құлап кетті (видео) [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде кішкентай қыз баланың жүріп келе жатқан көліктен құлаған сәті бейнеленген видео тарап жатыр. Бұл жағдайға қатысты полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz тобында жарияланды. Видео кадрынан жолдың ортасында солға бұрылған көліктен шамамен 3-4 жастағы қыз баланың құлап кеткенін байқау қиын емес. Сонымен қатар, рөлде отырған әйел көлікті тоқтатып, жүгіріп сыртқа шығады және баланы бауырына басады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Келеңсіз жағдайға Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін, 17 мамырда, таңғы сағат 10 шамасында Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында болған. «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көліктің жүргізушісі — 32 жастағы әйелді, көліктен құлап кеткен 3 жасар қыздың анасын анықтады. 

Бала бұл кезде алдыңғы жолаушылар орындығында отырған. Бақытымызға орай, қыз зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция дерегінше, Hyundai Elantra жүргізушісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 593-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

kaz.nur.kz

 

[:]