АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Алматы облысында жұмысшысын аяусыз соққыға жыққан шаруаға қатысты жаза күшейтілмек[:]

[:kz]

 

Алматы облысында жұмысшысын аяусыз соққыға жыққаны үшін ұсталған кәсіпкерге қылмыстық жаза қатаңдатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті кәсіпкердің әрекеті қазір адам өлтіруге оқталу ретінде қарастырылуда.

«Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тіркелген қылмыстық іс 99-баптың 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) санатына ауыстырылды. Заңға сәйкес, бұл бап бойынша жауапкершіліктің неғұрлым қатаң болуы қарастырылған», — деді ол. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақсу аудандық полициясының тергеушілері куәгерлерден жауап алып, қажетті сараптамаларды тағайындап үлгерді.  Сондай-ақ, оқиға орнында куәгерлер түсірген видео қазір заттай айғақ ретінде қылмыстық істі тергеу материалдарына қоса тіркелгені нақтыланды.

Еске салайық, ер адам қол астында жұмыс жасайтын шаруаны аяусыз соққыға жыққан.

[:]