АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы облысының тұрғыны 6 миллион теңгеге «Парацетамол» сатпақ болған[:]

[:kz]

Қаржы мониторингі комитеті Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қоғам үшін аса қажетті дәрілік препаратты қымбат бағамен сатпақ болған 27 жастағы ҚР азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «Парацетамол» дәрілік препаратын тиісті құжаттарсыз (пластинасы 300 теңге) заңсыз сатпақ болған. Тінту кезінде 6 миллион теңге сомасын құрайтын «Парацетамол» дәрілік препаратының 20 мың пластинасы алынды.

Олар сарапшы-маманның қорытындысынан кейін жедел респираторлық аурулардан емдеуге одан әрі пайдалану үшін Алматы облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») бойынша тергеу ісі басталды.

[:]