АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы полициясы 10 маусымдағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

Алматы қалалық Полиция департаменті 10 маусымда өткен заңсыз шараларға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

 

Оңтүстік астананың полициясы күні кеше өткен оқиғаларға қатысты бірқатар нақты фактілерді ұсынды.

«Кеше, 2019 жылғы 10 маусымда шамамен сағат 18.00-ден 2019 жылғы 11 маусымда сағат 02.00-ге дейін Алматы қаласында бірнеше адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берді. Аталған құқық бұзушылыққа қатысушыларды полиция ұстады.

Жақын арада аталған оқиғаларға құқық қорғау органдары тарапынан толық құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, инсинуацияны болдырмау және халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында полиция қазіргі уақытта расталған бірқатар фактілерді мәлімдемек», — деді мекемеде.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 10 маусым күні сағат 18.00 — де «Алғабас» шағын ауданында «Алатау» театрының алдында Р. Зайытовтың шақыруы бойынша рұқсат етілмеген митинг өткізу үшін бір топ адам жиналған.

«Жиылғандар тарау туралы талапты елемей, полицияға қарсылық танытып, ұсталды. Оның үстіне, олардың кейбірі Алматы-Арена ауданындағы жолды жауып тастады. Зайытовпен әңгімелесу өткізілгеннен кейін ол босатылды. Сонымен қатар, оны қолдау үшін Алматы қаласы полиция департаментінің («Целинный» ғимараты) алдына бір топ адам жиналды. Зайытов үйінен келіп, оларға үйлеріне тарқау, ешқандай заңсыз іс-шараларға қатыспау және арандатушылыққа ермеу туралы өтініш айтты», — деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жиыннан қайтып кеткендер басқа да құқық бұзушылықтарға жол берген. Соның салдарынан, қоғамдық тәртіпке жауап беретін тәртіп сақшысы зардап шеккен.

«Жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, қала бойынша тарай бастады. Алайда, олардың бірі жеке көліктерімен Төле би және Абай даңғылындағы жолды жапты. Екі-үш көліктей ені бар бағанға тұрған олар дыбыстық белгімен, төмен жылдамдықта, авто терезелерінен шығып, жүріп отырды. Бұл қалыпты қозғалысқа айтарлықтай кедергі келтірді. Адамдар өздерін агрессивті ұстап, қатты айғайлады. Ысқырып, өздерін мәдениетсіз ұстады. Құқық бұзушылар қандай да бір нақты талаптарды айтқан жоқ.

Екіншіден, заңсыз акция қатысушылары бірнеше қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берді. Түнгі 1-лер шамасында Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшесі қиылысында «Сайран» автовокзалына қарама-қарсы заңсыз акцияға қатысушы жол қозғалысын реттеу қызметін атқарып жүрген жол-патрульдік полиция қызметкерін қағып кетті. Дәрігерлер оған оң жіліншігінің жамбас-берц сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойды. Жүргізуші қылмыс орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша ұсталды», — деді қалалық ПД.

Одан бөлек, заңсыз акцияға қатысушылардың қолынан тәртіп сақшылардың көлігі де зардап шеккен.

«Алматы қаласының Алатау ауданында кешкі уақытта бір топ адам мас күйінде полиция автокөлігіне зақым келтірген. Олар көлікке тас лақтырып, терезесін сындырған. Тәртіп бұзушылар ұсталды. Бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», — деді полицияның баспасөз қызметінде.

Департаменттің дерегінше, аталған құқық бұзушылықтар бойынша кешкі және түнгі уақытта полицияның жедел басқару орталығының «102» пультіне қалалықтардан 1250 өтініш келіп түскен. Оның 70 пайызы түнгі оқиғаларға қатысты болған. Тұрғындар түнгі уақытта шу мен айғайлардан қорықса, жүргізушілер жол ережесін өрескел бұзғандарға наразалықтарын білдіріпті.

Қалалық полиция мегаполистің қазіргі жағдайы бақылауда екенін айтты.

«Полиция органдары заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушылар ұсталды. Қазіргі уақытта Алматыдағы жағдай толығымен бақылауда. Көліктердің және барлық қызметтердің қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде. Көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейтінін, кез келген құқыққа қарсы әрекеттер, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің заңға сәйкес қатаң түрде жолы кесілетінін мәлімдейді. Қосымша мәліметтер ақпараттың нақтылануына қарай БАҚ хабарланатын болады», — деді мекемеде.

  

[:]