АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматы Стамбұл мен Анкараны басып озды: Әлемнің ең дамыған қалаларының тізімі жарияланды[:]

[:kz]

 

Әлемнің ең дамыған қалаларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл рейтинг IESE бизнес мектебі әзірлеген Cities in Motion Index (CIMI) есебінде көрсетілген. 

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, дамыған қалалардың қатарына Лондон, Нью-Йорк, Париж, Токио, Рейкьявик және Копенгаген кірген. 

Бұған қоса Берлин, Амстердам, Сингапур, Гонконг, Цюрих, Осло, Чикаго, Стокгольм, Вашингтон, Лос-Анджелес, Сидней, Вена, Сеул және Сан-Франциско қалалары да алдыңғы орындарға жайғасыпты. Ресейдің астанасы Мәскеу 87 орынға табан тіреген. 

Соңғы орындар Каракас (Венесуэла), Карачи, Лахор (Пәкістан), Лагос (Нигерия), Дуала (Камерун), Колката (Калькутта, Индия), Каир (Мысыр), Эр-Рияд (Сауд Аравиясы), Рабат (Марокко) және Манила (Филиппины) қалаларына бұйырыпты. 

Бұл тізімде Алматы қаласы да бар көрінеді. Зерттеушілер оңтүстіктегі астанамызды 128 орынға орналастырған. Айта кетейік, Алматы Түркияның Стамбұлы мен Анкарасын, Мексиканың астанасы Мехиконы, Үндістанның Дели сынды алып шаһарларын басып озыпты. 

рейтингСарапшылар рейтінгті құрастырғанда адами құндылықтар, әлеуметтік бірлік, қаланың экономикалық және экологиялық жағдайы, қаланы басқару жүйесі, қаланы абаттандыру, халықаралық ашықтық, технологиялық даму, транспорттық инфрақұрылымы есепке алған. 

 

[:]