[:kz]
Белсендінің сөзінше, депутаттардың 600-700 мың айлығы атқарған қызметіне сай емес.
Алматы тұрғыны Асқар Исатай Тәуелсіздік монументі алдына барып сенаторлар мен мәжіліс депутаттарының айлығы 42 500 теңге болуы керек деп үндеу тастады. Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қолына 42 500 деген жазуы бар плакат ұстаған тұрғын депутаттардың қазіргі алып отырған айлығы мүлдем әділетсіз екенін айтады.
Бас прокуратура митинг ұйымдастырушылары мен ел азаматтарына үндеу жолдады
Асқар Исатайдың сөзінше, депутаттардың 600-700 мың айлығы атқарған қызметіне сай емес. Тіпті бұл қызмет 200 мыңға да тұрмайды, сондықтан олардың жалақысы 42 500 болғаны дұрыс деп есептейді. Оның айтуынша, мұндай ақшаны қазір көп балалы аналар, мүгедектер, тұрақты жұмысы жоқ адамдар алып жатыр.
«Кабинеті бар, байланыс, шипажайда емделу, кем дегенде бір депутатақа бір ай ішінде 2-3 миллион тенге кетеді, ең азы. Депутаттар мен сенаторлар осы жалақыға көшсін, қарапайым адамдар cияқты», — деді белсенді Асқар Исатай.
Ал Алматы қаласының әкімдігі бұл пикеттің заңсыз екенін айтып, ескерту жасады.
[:]