[:kz]
Алматы облысының тұрғыны карантин кезінде сүндет той жасап, көкпар берген. Полиция ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көкпар тартқандардың видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда бір топ адамның жол қозғалысына кедергі келтіріп жатқаны көрінеді.
Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, көкпар тартып жатқандарды таратқаны айтылады. Ал шараны ұйымдастырушы полиция бөліміне жеткізілген.
«1 қарашада Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Алматы-Жандосов автожолында көкпар беріп жатқандар туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған полицейлер Долан кентінің 38 жастағы тұрғыны бес жасар ұлын сүндетке отырғызуына орай көкпар бергенін анықтады», — делінген хабарламада.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, ережебұзушыға қатысты материал толтырылғаны айтылады.
[:]