АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Алматыда 10 өзбек азаматын құлдықта ұстаған[:]

[:kz]

Қазақстанда құлдықта болған Өзбекстанның 10 азаматы еліне қайтарылды. Бұл туралы «Дуне» ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сырты істер министрлігінің мәлімдеуінше, үш өзбек азаматы Алматыда орналасқан Өзбекстанның бас елшілігіне жүгінген. Арызданушылар оларды бір топ жергілікті тұрғын құлдықта ұстап, жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алғанын айтқан.

«Бас консулдық қызметкерлері Алматы қаласы құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге Өзбекстан азаматтары орналасқан жерге барды. Азаматтар Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қылмыскерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,— деді ведомство.

Тергеу шаралары жүргізіліп, өзбекстандықтарға ұлттық төлқұжаттары мен жеке заттары қайтарылған соң 1 тамызда барлық азамат Алматы-Ташкент бағыты бойынша автовокзалға жеткізілді. Шетелдіктер елдеріне аман-есен оралды.

[:]