АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда 15 мың теңгеге вакцина салдырғаны туралы төлқұжат сатылып жатыр[:]

[:kz]

 

Делдал Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан вакцинациядан өткені туралы электрондық паспортты ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия «бірінші арнасына сілтеме жасап.

Телеарна журналистері клиент атын жамылып «кәсіпкерге» хабарласты. 
— WhatsApp-қа жеке куәлік пен үй мекен жайыңызды жіберіңіз.

— Ол қанша тұрады?

— Екі кезеңде — 15 мың теңге.

— Тексеру кезінде eGov-та деректер шынымен шығады ма?

— Шығады, сізге өткен адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезең бүгін, екіншісі — 18 мамыр. Осыдан кейін eGov-та вакцинациядан өту туралы паспорт пайда болады.

Сондай-ақ, делдал клиникаға байланысты құны 5-тен 25 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Заңсыз қызмет туралы телеарнаға белгісіз көрермен хабарлаған.

 

[:]