АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда атыс салдарынан бес адам қаза тапты: Оның ішінде екі полицей бар[:]

[:kz]

 

Алматы қаласы Алатау ауданында атыс болып, бірнеше адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде төтенше оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған.

 

Сот қаулысын орындау барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.

20.09.2021 жылы сағат 17.00-ге жуық «Ақбұлақ» шағынауданында Алматының Алатау ауданында қайғылы оқиға орын алды. 
Жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысының орындалуын жүзеге асыру барысында осы үйдің тұрғыны – гр.Д., 1967 жылы туған, сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД қызметкерлері бойынша атыс қаруынан оқ жаудырды. 
Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған екі полиция қызметкері атыс жарақатын алып, қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз.
Күдікті залалсыздандырылып, ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Қаза тапқан полиция қызметкерлері бойынша деректер: 
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған,

 

 

[:]