[:kz]
Алматыда Қазақстан президентін сайлау күні қоғамдық көліктерде жүру тегін болады.
Ол үшін қалада «Ашық есіктер күні» әлеуметтік науқаны ұйымдастырылады. Науқанға барлық қалалық бағыттағы автобус және метрополитен қатысады, деп хабарлайды Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап. Президент сайлауы күні қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көлікте тегін жүруге болады. Қоғамдық көліктер өз кестесіне сәйкес жұмыс істейді. «Бұл күні шамамен 700 мың азамат тегін жол жүреді деп болжап отырмыз. «Ашық есіктер күні» науқаны тасымалдаушылар тарапынан әлеуметтік қолдау болып табылады. Бұл азаматтардың белсенділігі мен сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді», — дейді Алматы қалалық жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының бірлестігіндегілер.
Науқанға қатысатын қалалық бағыттардағы автобустардың тізімі:
№1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-тп, 5-тп, 7-тп, 9-тп, 11-тп, 12-тп, 19-тп, 25-тп.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Дереккөз: Stan.kz
[:]