[:kz]
Алматыда балабақшадан бала ұрлау ісі бойынша күдікке ілінген тәрбишегі қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.қа сілтеме жасаған kaz.nur.kz/
Тергеудің мәліметі бойынша, балабақшада тәрбиеші болып қызмет еткен күдікті 5 жасар баланы ұрлап әкетіп, ата-анасынан оны қайтару үшін ақша талап етпек болған.
Дереккөздің ақпарынша, сотталушы Саягүл Жаналық ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-тармағы (Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекет ету) және 125 бабы 2-тармағы (Адам ұрлау) бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, жазда Алматыдағы балабақшалардың бірінде әйел адам баланы ұрлап әкетпекші болған. Бақылау камерасына түсірілген видеода басына қалпақ киіп, қара көзілдірік таққан келіншектің сәбиді алып кетуге тырысып жатқаны көрінеді.
Аталған балабақша меңгерушісі Наталья Карасева Саягүл Жаналықтың еңбекақысы басқа әріптестерімен салыстырғанда едәуір жоғары болғанын мәлімдеді.
Соңғы сөзінде әйел өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтып, баланың ата-анасынан кешірім сұраған.
[:]