[:kz]
Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соққан видеосы тараған соң соң дау астында қалған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. ”Алматы қалалық полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция Басқармасы Қылмыстық кодекстің 105- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда“, — деді Алматы қалалық ПД.
[:]