[:kz]
Алматыда Bek Air компаниясының ұшағымен төтенше жағдай болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қоғам белсендісі Денис Кривошеевтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Фото : «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Алдын ала ақпарат бойынша Алматы әуежайынан ұшқан БекЭйр әуе компаниясының ұшағында мәселелер болған. Борт Нұр-Сұлтанға z9 2100 рейсін орындаған. Қызыл ту ауылы бағытында құлаған. Толығырақ анықтап жатырмын. Жараланғандар бар», — деп жазды блогер Кривошеев.
[:]