[:kz]
Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3 шағынаудандағы ғимаратқа салынған. Алайда жақында адамдар біреу Қонаевтың портретіне мұрт салып кеткенін байқаған. Қоғам қайраткерінің бейнесін кім арамдағаны әлі белгісіз.
Фото: Шоқан Алхабаев
Tengrinews.kz редакциясы полицияға сауал жолдады.
Еске салайық, 2017 жылдың күзінде № 122 мектептің маңында үлкен мурал салынған болатын. Онда мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа бейнелеген. Көркем элементтің биіктігі екі метр. Граффитиді Tigrohaud crew бірлестігінің көше суретшілері бір күнде салған.
[:]