АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда бес айлық сәби сырға жұтып қойған[:]

[:kz]

Алматылық дәрігерлер сырға жұтып қойған бес айлық сәбиді аман алып қалған деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

Рентген. Фото: inalmaty.kz

Рентген. Фото: inalmaty.kz

20 сәуір күні Алматыдағы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бес айлық нәресте түскен.

Дәрігерлер кеуде қуысын рентгенге түсіру арқылы сәбидің өңешінде тұрған бөгде затты көрген. Анықталғандай ол сырға болып шықты.«Сол күні оның өңешіндегі сырға эндоскопиялық жолмен алып тасталды. Бүгінгі таңда жағдайы тұрақты, ентікпесі жоқ. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек сәбиді өңештің бұзылуы, қан кету мен ойықтардың пайда болуынан сақтады», — деп хабарлады қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Жұмагүл Ешібекова.

Дәрігерлер ата-аналарға мұқият болып, балаларының немен ойнап жүргенін қадағалауды сұрады.«Тиындар, түймелер, түйреуіштер мен зергерлік бұйымдар секілді ұсақ заттарды балалардың назарынан алып тастаңыз. Мұндай жағдай 5 жасқа дейінгі балаларда жиі орын алады,» — деп қосты Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

[:]