[:kz]
Алматыда ер адам қоғамдық көлік пен көліктің ортасында қысылып қалды. Оқиға кенеттен орын алған. Қазіргі уақытта полиция мән-жайды анықтап жатыр.
Оқиға Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Куәгерлердің сөзінше, Nexia көлігі Райымбек даңғылы бойынша батыс бағытта қозғалып бара жатқан. Ол Момышұлы көшесінен өткеннен кейін өзінің танысын көріп қалып, аялдама кешенінің жанында тоқтаған. Оның танысы көлікті айналып өтіп, сол жағынан артқы орындыққа отырмақ болыпты. Осы кезде автобус жолағымен келе жатқан №31 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі қандай да бір әрекет жасауға үлгермей қалып, ер адам көлік пен автобустың ортасында қысылып қалды.
Сурет: Sputnik
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
[:]