АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда есірткі тасушы курьер болып жұмыс істейтін студент ұсталды[:]

[:kz]

 

Алматыда есірткі тасушы курьер болып жұмыс істеген 19 жастағы студент ұсталды. Оны полиция қызметкерлері мен есірткі қылмысымен күресушілер оқиға орнында ұстады деп хабарлады turkystan.kz

Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің 3-курс студенті екі ай бойы есірткі тасушы курьер болып жұмыс істеген.

Күніне орта есеппен 20-25 есірткі жеткізіп келген. Жас жігіт телеграм чатта орындалған жұмысын баяндап, сурет пен геолокацияны көрсетіп отырған.

Әр есірткіні жеткізгені үшін жұмыс берушіден 1 мың 200 теңге алған.

«Есірткі сатушы «Қайрат» ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінің маңында жедел және арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Тінту кезінде одан Меф 1,0*10 және Меф 0,5*15 деген жазуы бар полиэтилен бума табылып, тәркіленді. Буманың ішінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ затымен 25 полиэтилен бума бар. Аталған дерек тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов.

[:]